Ұйқысыз өткен түнде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ұйқысыз өткен түнде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5984
Құшағына ап дауыл.
Тебіренді ой шіркін.
Ертең ерте шабуыл
Үйықтамадық сол бір түн.
Терістіктен жел тұрды,
Таң сарғайып берді сыз.
Жан жадырап желпінді,
Біткендей бір күш белгісіз.
Кезеулі мылтық ұсынып,
Кезең туды кек алар.
Түлектерін ұшырып,
Тұрды қарап генерал.
1942. Волхов майданы
***
Жау оғынан бораған,
Жасырады жер мені.
Айнала оттан ораған,
Жасырады жер мені.
Өмір отын жандырған,
Сол жер үшін жан құрбан!
Ендігі үйім жер менің,
Ашық аспан астында.
Қарсы жүріп келемін,
Қаптаған сел тасқынға.
Жерде менің жеңісім,
Жауға атылам жер үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері