Юг аялдамасы

Бұл бетте «Юг аялдамасы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2927
Сұрап жұрттан көрінген
Ұзын сонар номерді,
Іздеп жүрмін Пермьнен
Мен әскери бөлімді.
Құлазыған көңіл тұр,
Ұқсап көктің бұлтына.
Жасырынып бөлім тұр,
Цифрлардың сыртына.
Белгісіз ол қай маңда,
Іздеп жүрмін болдырып.
Кетті ме әлде майданға
Шеру тартып жол жүріп.
Ісім оңға баспады,
Кеудем толды күйікке.
Поезд әкеп тастады
Станция Югке.
Жапырып көк шалғынды,
Соғып тұрды жел өкпек.
Ойнады бұлт жаңбырлы,
Құйды аспан шелектеп.
Аты Юг болса да,
Солтүстіктей қаһары,
Қөкке жолақ жол сала,
Найзағайлар атады.
Жаңғырады айнала,
Күн зеңбірек зіркілдеп,
Шүпілдейді сай-сала,
Суға толып іркілдеп.
Жел желігіп белсеніп,
Емес тынып айығар.
Қарағайлар теңселіп,
Қалтырайды қайыңдар.
Ойға батам жол үсті,
Қиялданып бір түрлі.
Алыстағы соғыстың
Кеп жеткендей күркірі.
Осы Орал көгінің
Күркіреген сарыны,
Басқан бұлттың желігін
Найзағайдың жарығы.
Қан майданды бір кешіп,
Жүрді менің жадымда.
Жатты түнде тілдесіп,
Назияның жарында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Юг аялдамасы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Юг аялдамасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Юг аялдамасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Юг аялдамасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері