Серуен емес, сағатым бұл сенделген

Бұл бетте «Серуен емес, сағатым бұл сенделген» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Серуен емес, сағатым бұл сенделген.
Қалай ғана айырылдым сендерден?..
Кешегі күн көп едіңдер – бірің жоқ,
Қаза болдың қайсың қандай шеңгелден?..

Үйден шықсам, бәрің бірдей ырғалып,
Бас изесіп, самалсақтап бір қалып,
Күнде соған елтіп жүрген едім мен,
Енді, міне, үнім бітіп тұрғаны.

Өзім сусын, өзім азық әкеліп,
Парызымды өтеп едім әкелік.
Көктем ғана көмектескен бұл іске,
Көк жүзінен күн сәулесін әперіп.

Өңкей жасыл алақандар жетілген
Жұпар шашып, желпуші еді бетімнен.
Айлы түндер сыбырласып сырласып,
Еркін өскен еркем едің шетіңнен.

Айлы түнде өздеріңмен бірге мен
Өлең жолын ойластырып жүрген ем.
Демдеріңнің жұтқан сайын жұпарын
Демеуші едім столыма кұр келем.

Елге барып қайта оралсам, іс мынау.
Екі арада бар болғаны үш күн-ау…
Жүріп жатыр есігімнің көзінде
Жер қопару, ағаш, темір ысқылау.

Бір шұңқырдан кірпіш, панель жанышқан
Мылжа-мылжа бір-біріне жабысқан
Тамырларың әрең тиді қолыма, –
Деген осы «кеудесінен жаны ұшқан».

Басқа жаққа алып кетсе көшіріп,
Басылар ем барлығын да кешіріп.
…Өгіз ғана біле алмаса керек-ті
Табанында жатқандығын не шіріп.

Бұл сөзімнен іздемеңдер жаңылтпаш,
Кещелер бар есептерін жан ұқпас, –
Бүкіл бақтың бір ғасырлық өмірін
Өлтіргендер жайды біліп жарытпас.

Жұтты айттық, соғысты айттық жаман жыл деп.
Әр жылды қарсы алмадық жаман қыл деп.
Қалайша тап болдық біз жаман күнге
Дей жүріп: «Келе жатыр заман гүлдеп».

Жаман күн адам біткен сақтанатын
«Магнит дауыл» дейтұғын сақтар атын.
Ол, сірә, оғына да келешектің
Алдырмас сауысқаннан сақ қанатын.

Ол жынды келешекпен жамандасып
Жүргенде дер ме бізді «замандасым»?..
Бәлкім ол бар пәлесін бізге жабар
Біреудің ауыртса да аман басын.

Ғалымдар, айтындаршы, жыл бүгінде
Қалайша толып кетті «жынды» күнге?..
Төркінін «жынды» күннің тауып бер деп
Талапкер тапсырайын жырды кімге?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серуен емес, сағатым бұл сенделген өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Серуен емес, сағатым бұл сенделген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серуен емес, сағатым бұл сенделген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серуен емес, сағатым бұл сенделген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері