Қызығын талай көрдің жиған малдың – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қызығын талай көрдің жиған малдың» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызығын талай көрдің жиған малдың,
ЬІғы жылы келетін қалың талдың,
Түндік жаба шыққанда аңдып тұрып,
Жəукемдеуші ек тоқалын талай шалдың.
Есілді өрлей қалың тал шығатын,
Тілімді менің айтқан алшы, қатын,
Қырық темірдің қылауы қосылған жер,
Өзіңе анық сенсең, баршы, қатын.
Жігіт жатпас ел көшіп, қонған күні,
Қой сойып, ақ майына тойған күні,
Қызығы дүниенің осындаймен,
Өлген жақсы мұндайды қойған күні.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері