Санитарка

Бұл бетте «Санитарка» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4168
Менімен бір кірпік қақпай,
Түндер бойы көз ілмедің.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Шіркін қандай төзімді едің.
Өрт ішінен алып шықтың,
Қансырап мен жатыр едім.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің
Шіркін қандай батыр едің.
Сен болмасаң жолда қалып,
Жастанар ем бір төбені.
Кіп-кішкентай болсаң да өзің,
Жаның қандай үлкен еді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Санитарка өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Санитарка өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Санитарка өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Санитарка өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері