Жігіт пен шал – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Жігіт пен шал» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жігіт:
Насыбай ат, жаныңда қасың болса,
Қайырға бер, бір аяқ асың болса,
Таразыға салғанда төмен тартар,
Тəубаңнан да күнə ісің басым болса.

Шал:
Насыбай атпағаның жарамайды,
Оны атпасаң бойға қан тарамайды,
Парыз, уəжіп, сүннəтті тəмам қылсаң,
Құдайым насыбайға қарамайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері