Үш би – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Үш би» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үш жүзде болса да олар басты кісі,
Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші.
Соларға жол көрсеткен ұстаз едім,
Сардар деп құрметтейін үлкен-кіші.

Жеңіс жоқ соғыстарда шабандарға,
Жағдай жоқ тағат қылып амалдарға.
Жеңіске жету үшін қайрат қылып,
Ат қойдым ғаскер бастап қамалдарға.

Мәлім ғой, елге ғаскер басқарғаным,
Болдым деп Ордабасы мастанбадым.
Мылтығы көп болса да кәпір жаудың,
Қалмақтың ғаскерінен жасқанбадым.

Басқарып Үш жүз қолын жиырма бес жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар жарлығымды қайта қылған жоқ,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері