Не жетім? – Қожаберген жырау

Бұл бетте «Не жетім?» атты Қожаберген жырау жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзінде перзент болмаса,
Ата-ана болар шын жетім.
Қайырылыспаса аға-іні,
Оқшауланған ер жетім.
Қорғаушысы болмаса,
Кез келген пенде сол жетім.
Бастаушысы болмаса,
Жиылған қалың қол жетім.
Жауыздарға жолықса,
Ата-анасыз ұл жетім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері