Өлең, жыр, ақындар

Тұңғыш президент туралы талғам

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 270
Тәңірім бере ме деп бар тілегін,
Ел бастап ертеңдерге тартып едің,
Сыртыңнан сынай қарап жат, таныс та
Естіліп жатты алысқа, Нұреке, жалқы демің.

Күш беріп кеудең толы күллі сенім,
Алты алаш тілеуіңде жүрді сенің.
Кемеңгер көсемнің де, шешеннің де,
Ұстаған ел тізгінін, Нұреке-ау, тұңғышы едің.

Қайырмасы:
Бұйырып маңдайыңа биік ерлік,
Қиналған кезіңді де жиі көрдік.
Басқадан орның бөлек бір тұлғасың,
Тәңірдің бере салған, Нұрекем, сыйы дерлік.

Шиырлап кете бермей кешегі ізді,
Көшті де сен түзедің, көшемізді,
Бұғауын бодандықтың быт-шыт қылдың,
Қайтарып жатқа кеткен, Нұреке, есемізді.

Қазақтың Нұры да сен, Сұлтаны да,
Туғанша қашан Сендей ұл тағы да,
Алты арыс аға тұтқан Абылайдай
Аңыз боп қалады атың Нұреке-ау, ұрпағыңа.

Қайырмасы
Хан болып, қалқан болып сүйікті елге,
Бастай бер биіктерден, Нұреке-ау, биіктерге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауынгерлер жыры

  • 0
  • 0

Жауынгерлер жыры
Бабалар мақтаған,
Ағалар баптаған.
Сәкен Иманасов

Толық

Балалық шақтай кешегі

  • 0
  • 0

Балалық шақтай кешегі
бұлдырап барып жоқ болған,
ол да бір ғажап кеш еді
жаныма өшпес от қонған.

Толық

Отпын дер едім, шоқпын дер едім

  • 0
  • 0

Отпын дер едім, шоқпын дер едім,
онсыз да күймей тұрмыз ба;
ғашық боп көрген жоқпын дер едім
өзіңнен басқа бір қызға.

Толық

Қарап көріңіз