Май толқыны – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Май толқыны» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 585
Май толқыны толқып, қайнап,
Қайыстырған жерілді.
Аспанға асып,
Ұран тасып,
Майыстырған
Көгіңді!
Май толқынын бұғауды үзген
Елім таңда шыңға аттап,
Шын құлдықтың
Шынжырларын
Қырқып қолмен Шумақтап.
Май толқыны бізде оралған
Қызыл алтын туына.
Бесжылдықтың
Туын тіккен
Елім еңбек Шыңына!
Май толқыны толқындырған
Колхозданған далам да,
Маршында,
Жарысында
Тракторлар Колонна!
Миллион қолдар зор қимылда
Станокке жармасқан.
Қосып үлес
Екінші бес жылдықтың тұр
Жалғасы!
Бесжылдықтың әлденеше
Еселейміз жалғасын.
Миллион қолдар
Ұрған! Ұрар!
Талмай болат Балғасын!
Станокта балғаларды,
— Миллион қолдар ұрамыз!
Мәңгі жacap
Жаңа ғасыр
— Социализм
Құрамыз!

1932


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері