Өлең, жыр, ақындар

Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 495
Жазғырмаймын жүректi сенгенi үшiн,
Ақыл емес, сезiммен сенделiсiн.
Күнде көрем сол қызды,
көрген сайын,
Бiр бұлқынып қалады кеуде тұсым.
Баяғыша сөзi де, қылығы да,
Әлi шолпы тақпайды бұрымына.
Тiк қарайды адамға бұрынғыша,
Мүмкiн емес көзiнен сыр ұғу да.
Қатар жүрiп, арамыз алыс қанша...
Селт етпеймiн iштегi дауысқа онша.
Сөйлесемiз достардай ашық-жарқын,
Әзiлдесiп қоямыз таныстарша.
Көремiн ғой кездессе алдан бәрiн,
Жүре берем аралап арман бағын.
Өкiнiш сол – сәт сайын сөнiп жатыр,
Көкiрегiмде сол жанға жанған жалын.
Аңдап қарап тiрлiктiң тербелiсiн,
Алға басам сырғымай, өрлеу үшiн...
Күнде көрем сол қызды,
көрген сайын,
Ақылыма көнбейдi кеуде тұсым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әттең, әттең...

  • 0
  • 0

Әттең, әттең...
бәрiн қиып кетер ем,
Өртенгенмен iшiм мың,
Баяны жоқ iсiм – мұң.

Толық

Санаулы сағаттардан соң

  • 0
  • 0

Санаулы сағаттардан соң,
Ескi жыл,
демiң бiтедi.
Үмiтпен дос боп арман шын,

Толық

Бүгiн ай туды...

  • 0
  • 0

Бүгiн ай туды...
Қиық ай.
Бетiне сәуле де тұрақтай алмай.
Жайлы ай боларсың-ақ талайға...

Толық

Қарап көріңіз