Өтірік сүю жанға қас – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Өтірік сүю жанға қас» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Сынық қанат көбелектей
Отқа қалай күйермін,
Жаны елгезек ебелектей
Қызды қалай сүйермін?
Ұшқыны жоқ, бейне ебелек
— Бір қызға мен жолықтым,
Жаны жалған жан екен тек,
Қаштым, сүймей «қорықтым».
- «Мен сүйемін, күйемін» деп:
Қуалады, қалмады?!
Шын сүю, тек,— тілегім ед:
Жаным қабыл алмады.
Біздің өмір қыздары онан
— Ешуақытта үлгі алмас;
Болса кімнің жаны жалған
— Ол — өшкен от, жүлде алмас!

1931


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері