Махаббат мұңын іштім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 606
Арман-ай!
Тәттісімен қызықтырған,
Жалған-ай!
Жолымды әр кез үзіп тұрған.
Көктемім маңдайымнан сипағанда,
Өткенім өкініштен сыз ұқтырған.
Көктемім өткеніммен сайысты ма,
Сол кезде сезімімнен жай ұшты ма?
Кінәмшіл жанға қашан жағамын деп,
Шаттықтың қабырғасы қайысты ма?
Жанымнан қашқаннан соң жырақ бағым,
Әйтеуір таусылмады сұрақтарым.
Шынысын шыдамымның шытынатып,
Тағдырым дайындауда сынақтарын.
Шын ғашық бар сынаққа төзеді ерен,
Махаббат мұңын іштім көземенен.
Адами аралдардан алыс жатқан,
Осында алып келген өзі еді өлең...
Таусылмай осы менен алашағы,
Қағып тұр тереземді нала, тағы.
Күн сайын меніменен бір күрсініп,
Ай ғана баяу жүзіп баратады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Махаббат мұңын іштім өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Махаббат мұңын іштім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Махаббат мұңын іштім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Махаббат мұңын іштім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері