Жанарыңда достық отын маздайтын – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте «Жанарыңда достық отын маздайтын» атты Айтуар Өтегенов жазған достық туралы өлең берілген.

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2835
Жанарыңда достық отын маздайтын,
Жүректегі ұғушы едік назды айқын.
Үйлендің де бір сұлуға, сен мүлде,
Болдың хатта жазбайтын.
Жүрек сырын айтпай қалмас тағы тіл,
Хат жазуға жоқ па әлде уақытың.
Ұмыта ма әлде осылай достарын,
Тапқан адам бақытын.
Қыздар жайлы көп айтатын сыр қалып,
Тұрмыс жайлы бір қуанып, бір налып.
Қалдық па біз,
Қалдық па біз досым-ау,
Шыныменен бір құшаққа шырмалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері