Шық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3564
Жерге ырғып түсті де,
Жабысты гүл үстіне.
Жұтып таңғы ауаны
Жан-жағына қарады.
Желмен шашын тарайды,
Қызғалдақтар желбіреп.
Жасқанып шық қарайды,
Жаудыр көзі мөлдіреп.
Барлық көздер қалғыған,
Ерте тұрған тіпті өзі.
Күн шығуын аңдыған,
Жылтырайды шық көзі.
1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері