Сенің күлкің – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Сенің күлкің» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1815
Иығымнан жүк түсірген жүз батпан,
Көз жасымды құрғатқан.
Сәлем алып келген маған нұр-бақтан –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Арманыма ақ қанатын қақтырған,
Тылсым сырлы бір сезімге тап қылған,
Үмітімнің шырағданын жақтырған –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Қабағыма тұрған сәтте мұң қатып,
Тұңғиыққа баратқанда шым батып,
Табындырған, бір сәт қана тыңдатып –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Ойға батып, үнсіз жүрген кезімде,
Жан бітірген мына сырлы сезімге,
Мені үйреткен қиындыққа төзуге –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
О, махаббат!
Бізге ғажап сый неткен?!
Қаталдықтың қақпасын кеп күйреткен,
Сор артында бақ тұрарын үйреткен –
СЕНІҢ КҮЛКІҢ!
Сен бар кезде гүлге оранар жер демде,
Сен болмасаң күй кешемін шерменде,
Күліп келші, жаным, маған келгенде!..
СЕНІҢ КҮЛКІҢ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері