Аспан жаққа жазамын есіміңді!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 760
Іздемесең ғарышқа кетіп қалам,
Жұлдыз-үйдің төріне жетіп барам.
Сәуле болып көзіңе шағыламын,
Айдан алқа мойныма тағынамын.
Сезу үшін тұңғиық – ғажаптығын,
Көкті кезем, болған соң азаттығым.
Көктен сенің бейнеңді танып тұрып,
Жіберемін ақ қардай мамық – қылық.
Сағынышым жаныңды қозғасын тек,
Ақ жауынды, түсінші, көз жасым деп.
Жалау етіп жаныма бекемдікті,
Жай отымен соғамын мекерлікті.
Бағыт қылмай қан түсті құбыланы,
Көктен түскен қабыл ал шұғыланы.
Сезіміммен тек саған сыр ұқтырам,
Қара маған!
Күн болып күліп тұрам.
Айтшы, мендік сезімнің несі мұңды:
Аспан жаққа жазамын есіміңді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аспан жаққа жазамын есіміңді! өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Аспан жаққа жазамын есіміңді! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Аспан жаққа жазамын есіміңді! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аспан жаққа жазамын есіміңді! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері