«Ақжол» Қазақстан! – Сәкен Иманасов

Бұл бетте ««Ақжол» Қазақстан!» атты Сәкен Иманасов жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ежелден арзан сөзге алданбаған,
Ел едік еркіндікті армандаған.
Қаншама заманалар өтті-кетті,
Өліп те, тіріліп те тал қармаған.

Қайырмасы:
Тәңірім жебеген,
Ел болдық егемен.
Тең болмай басқамен,
Кем болам неге мен.
Салтымыз, санамыз,
Сауықшыл даламыз.
Ақ жолмен, бақ жолмен,
Ертеңге барамыз.

Ел болдық егеменді, ергенелі,
Бар әлем енді өзіне тең көреді.
Сан ғасыр армандаған дербестікті,
Құдайым бір-ақ күнде берген еді.

Қайырмасы

Қаратпай орысқа да, түрікке де,
Талатпай бүлікке де, жүлікке де,
Бақытқа бастайтын бір жол табар деп,
Қарайды ел «Ақжол», саған үміттене.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Ақжол» Қазақстан! өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

«Ақжол» Қазақстан! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

«Ақжол» Қазақстан! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

«Ақжол» Қазақстан! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері