Осы қыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Осы қыз маған неге көп қарады,
Жүрекке қарашығы от салады.
Жалғанда жаным қалса, жарар еді,
Тірідей неге ішіп, жеп барады.
Осы қыз маған неге көп үңілді,
Бұзбаса жарар еді көңілімді.
Махаббат – деген ауыр сырқат қонып,
Өзгертіп жібере ме өмірімді.
Осы қыз маған неге қадалады,
Қоймаса екі көзі жан алады.
Ай жүзі тұла бойды тебірентті,
Тұтқынға қайран-жүрек қамалады.
Осы қыз маған неге көп қарайды,
Қимайды, қызықтайды, дос санайды.
Қасынан кетіп қана қалар едім,
Екі аяқ бір басуды қостамайды.
Осы қыз маған неге тесірейді,
Білмеймін ойда жоқта не тілейді.
Құшақтап екі беттен сүйіп алдым,
Оның да шығып кетсін есі мейлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осы қыз өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Осы қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Осы қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осы қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері