Алғашқы сезім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Алғашқы көргенімде,
Өзіңді ұнаттым мен.
Қыр гүлін тергенімде,
Жадымда тұрасың сен.
Не сезім билеп алған,
Мен өзім түсінбедім.
Кеудемде лаулап жанған,
Көрген бір түсім бе едің?
Жыр жаздым әнімменен,
Қымбаттым бір сен үшін.
Тек қана сеніменен,
Жеңбекпін құдірет күшін.
Сағындым білесің бе?
Келсеңші, туған айым,
Сезсеңші жүрегімде,
Сыр барын саған дайын.
Алғашқы көргенімде,
Өзіңді ұнаттым мен.
Қыр гүлін тергенімде,
Жадымда тұрасың сен.
Көруге күн-күн сайын,
Асыға ынтығамын.
Келші сен, туған айым.
Аймалап бір құшайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алғашқы сезім өлеңінің авторы кім?

Раиса Жанайдарқызы — осы өлеңнің авторы.

Алғашқы сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алғашқы сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Раиса Жанайдарқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алғашқы сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері