Жауынгер досқа – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жауынгер досқа» атты Сырбай Мәуленов жазған соғыс туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5204
Жер сілкінтіп, көк тербеп
Шүйілген жауға төбеден.
Карпат тауын бөктерлеп
Берлинге қарай жөнеген.
Жолың болсын, жолдасым,
Алған беттен аңырма.
Ойран етіп ордасың
Жауды бөле жалынға.
Берлин үстін бұлт торлап
Фашистерге болды сын.
Үңгіріне қос қолдап,
Таста ажал бомбасын.
Талқан боп өз жерінде,
Тартсын жауыз жазаны.
Қір орыспен Берлинге
Қостанайдың қазағы.
1945.Қостанай
* * *
Майданға тудай шақырған,
Жанымен жаққан жалынды,
Аманкелді батырдан
Үйренгем атқа шабуды.
Жауына жайдай атылған
Қаны күндей қызулы,
Аманкелді батырдан
Үйренгем қамал бұзуды.
Қөсемдікті үйренгем
Көпті көрген қарттардан.
Шешендікті үйренгем
Өлеңдерден жатталған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері