О, сенің жоғарғы билігің, көмегіңмен...
О, сенің жоғарғы билігің, көмегіңмен,
Болашақтың жарық күнін бізге көрсеткенмен,
Махаббаттың ләззатына бөленіп,
Бақыт құсының қаншалықты
Жарық жұлдыздарына жеткенменен,
Кімге керек!
О, тағдыр, жүректі жаралап, сұрқия,
Терең сырлы құпиясын ашып,
Кездейсоқ сүйенішіңнің арқасында
Бір-біріңнің түбіне жету,
Кімге керек!
Бүгінде өз жолына таба алмастан
Небір жандар жүр үміттері жоғалып,
Қараңғы түнекте адасып,
Тағдырын да біле алмастан,
Өз жүрегіне үңіліп те көре алмастан,
Терезеден түсе қалса алыстан бір мардымсыз сәуле,
Шексіз бақ келіп қонғандай ерекше біз қуандық.
Бірақ та бізге албырттық жасап,
Таңырқанудың қажеті жоқ,
Екеумізге бірдей бақытты бермесі анық.
Түсімізде көргенменен қанық болып,
Тек олар қорқыныштан шошып оянып,
Өзге жанды қаншама шексіз сүйгенімен,
Өз арманына жете алмаған.
Кім де егер ұшқыр қиял сезім түстерге өлердей сенсе,
Кім де, пал ашуды еш білмесе,
Бақытты жан болғаны –
Оның онда өткені мен бүгінін,
Болашақ өмірін бұл әлемде
Анық болжап біліп, көргені.
Тағдыр бізге не жазып қойған?
Нендей тағдырды, сенімен бірге маған жазған?
Ох, қайсібір де – алыс бір кезеңдерде
Болған ба еді бәрі де!
Қарындасым болып жүрген бе едің,
Жоқ әлде жұбайым ба,
Періштелі қолың тиген кезде,
Ақыл-ойымды, әрбір қимылымды
Жүрегімнің бар құпия-сырын ашып,
Бәрін де біліп, сезгендейсің.
От-шоқ жанған қанымды үптеп-сүптеп,
Жан беріп жылытқандайсың.
Сиқырлы, жұмбақ-жұмақ бұғауында,
Керемет, тамаша бір өлең-жырлардай,
Желдей есіп өтті күндер.
Кіршіксіз мөлдір тап-таза,
Ақ жарқын көңілімменен,
Әрбір бақытты, бақ қонған өтті-ау сәтті уақыт,
Тәтті күндер,
Сенің сүйкімді аяғыңның астында жатып
Көзіңе көзімнің нұры түсіп,
Жүректер бір-біріне түсінісе жауап қатқандай.
Ешбір дүние де тең келмес,
Шіркін, сол бір күндер!
Бүгінде бәрі де ертегі, жұмбақ,
Тек біздің жүрегімізде тұнып тұрған,
Өткен күндер – анық тіршілік ғұмыр,
Бүгінде – жүрекке жаралы, терең ой салар.
Сол бір бақытты күндерді еске алғанда,
Екеуміз де жарым өмір жасағандай,
Құрғыр, боламыз.
Бақытымызға, қатыгез залым тағдыр енді
Біздің өмірімізді еш өзгерте алмас.
1779
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі