Менің жаным - сезімдердің шырағы – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Менің жаным - сезімдердің шырағы» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Менің жаным - сезімдердің шырағы,
Менің жаным - төзімдердің тұрағы.
Газдар түзген Галактика төсіндей
Сан мың түрлі толқындардан тұрады.
Керек етіп кесіп алса етімді,
Етімде де сезім тұрар не түрлі.
Менің бүтін болмысымның кішкентай
көрінбейтін ядросы секілді.
Аспан мен жер - қас пен көздің арасы,
Көздерімнің шүпілдеп тұр шарасы,
Метеориттей мезгілсіз кеп құлаған,
Соның салған дақтары ғой, қарашы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері