Жер шарындай жүргенім шыр айналып – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жер шарындай жүргенім шыр айналып» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жер шарындай жүргенім шыр айналып,
Жылдар ағып барады шырайды алып.
Аң-тірлікке таса жоқ, саятшы-өмір
қансонарға шыққанда құмайды алып.
Жер шарындай жүргенім дөңгеленіп,
Құшағыңды аш, кеңістік, мен келемін.
Кеберсіген құм болды – шөлдегенім,
Тарқатылды тау болып - өрлегенім.
Өстіп бәрін кеудеме сыйғызамын,
Желегіме жауыннан құйғызамын.
Таусылмайтын кенім бар өлең деген,
Адамдардың бәріне сый қыламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері