Ауасына ауылдың шөлдегенім

Бұл бетте «Ауасына ауылдың шөлдегенім» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ауасына ауылдың шөлдегенім,
Не қимасым қалып ед елде менің.
Осы маңда табаным жерге тиіп,
Жылы ұяға жөнелткен жеңгелерім.
Бәрі осында - бақытты бала ғұмыр,
Ойын қуып, сауықты салады бір.
Өрнектеген өрісін өрген түлік,
Еңбекпенен жасаған дала дүбір.
Туған жерім тербеткен, сайын далам,
Сарқылмайтын сыйың бар дайындаған.
Бозбалаға бейкүнә болмысыммен,
Байқатпаған сырымды Ай ұрлаған.
Осында алғаш ана деп, әке дедім,
Төл аймақ, түлегіңді мәпеледің.
Өзек етіп өзіңнен алғанымды,
Өлең етіп өзіңе әкелемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауасына ауылдың шөлдегенім өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Ауасына ауылдың шөлдегенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауасына ауылдың шөлдегенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауасына ауылдың шөлдегенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері