Аясында шағалалы шақтардың

Бұл бетте «Аясында шағалалы шақтардың» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Аясында шағалалы шақтардың,
Жат біреуге жан сырымды ақтардым.
Таптым сөйтіп бөгде ішінен өзімді,
Сөкпе мені, атқан таң мен батқан күн.
Ал жанымда көп екен-ау сырт адам,
Теріс қарар тұрғанында жұрт аман.
Өзімдегі өгейлердің жанында
Өгейдегі өзім жақын бір табан.
Кетті деме бізден бөлек жырылып,
Сонадайдан қол бұлғайды бір үміт.
Жапырақты жұлқылайды күзгі жел,
Тал басында жалғыз қалған ілініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аясында шағалалы шақтардың өлеңінің авторы кім?

Сағыныш Намазшамова — осы өлеңнің авторы.

Аясында шағалалы шақтардың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аясында шағалалы шақтардың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағыныш Намазшамова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аясында шағалалы шақтардың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері