Мен шаршадым, құр елестен шаршадым – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Мен шаршадым, құр елестен шаршадым» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым,
Тұп-тұнық ой сыйға тартшы, таң сәрім!
Әлі қанша ауар саған аңсарым,
Құлдығың боп жүрем әлі қанша күн.
Қуанышым бола тұра, мұңым сен,
Қайсы басым безбендеуге жүгінсем?
Бақыт үшін бұралаң жол бағыт боп,
Кінәлама, сезім үшін сүрінсем.
Ақталды деп мені айыпқа бұйырма,
Кетіп қалсам көз көрмейтін қиырға,
Сартап болған сағынышты ерттеп ап,
Менің жүрген жолдарымды шиырла.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері