Мұхтар ағаға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мұхтар ағаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 666
Секілденді босқа сөз
Жеткізбестей ойымды.
Көрсетіп қалғым келген жоқ,
Болмаса бүгін бойымды.
Өлеңнің үстем мерейі,
«Патшасы сөздің» дегеннен,
Мақұл көрдім, жақсы аға,
Құттықтауды өлеңмен.
Сезінемін анадай
Тәй-тәйлаған баланы
Ниетімді нәзік жыр
Жеткізе алса жарады.
Мақтанышын елінің
Қалайша жүрек жыр етпес!
Асыл аға, жүз жаса,
Біздер соған тілектес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері