163 атқыштар полкі

Бұл бетте «163 атқыштар полкі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2622
Уж враг отступает пред вашим полком,
Какое блаженство быть храбрым бойцом!..
Гете.
Құшағында жанып жатқан орманның,
Жаралы боп жарты жолда мен қалдым.
Бұлт астынан сығылайды күміс күн
Бейнесіндей төсімдегі медальдың.
Қорғаныста көңілдері жабығып,
Шабуылды күткен аңсап сағынып,
Қайран достар, қайда кетіп қалдыңдар.
Сан жорықта бірге жүрген сабылып.
Сеңді бұзып, атып жатыр жел күреп,
Күркіреген күн емес ол зеңбірек.
Оқ тессе де барады тік жығылмай
Қызыл тулар шашақтары желбіреп.
Сапер жол сап миналардың ішінен,
Байланысшы сымды жалғап тісімен.
Батареялар от шашады бұрқанып,
Күй айналып түсетіндей күшінен.
Қапта, топан, селебе, сел, қарқындап,
Тұншықтырып, үйір жауды алқымға ап,
Көтерілсін шырақ болып боранда
Винтовканың найзалары жарқылдап.
Күркіре ауыр зеңбірегі Балтықтың,
Жұлдыздарын салют етсін сарқып түн.
Смольныйдың тұрсын туы бүркелмей,
Ленинградта тұрсын ашық шалқып күн.
Жаралымын, менде ұйқы жоқ бұл түні,
Сытырлаған сыртта жаңбыр сіркірі,
Шабуылға шақырады қайтадан,
Катюшаның күндей күшті күркірі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

163 атқыштар полкі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

163 атқыштар полкі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

163 атқыштар полкі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

163 атқыштар полкі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері