Айналдым, елім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Айналдым, елім» атты Сағи Жиенбаев жазған отан туралы өлең берілген.

Сағындым сені,
Сағымды белдер,
Көкорай шалғын,
Қоғалы көлдер.

Қайырмасы:
Жайқалған көгі,
Жазира далам,
Алыстан аңсап, келемін.
Айналдым, елім,
Аяулым менің.
Сағындым сені,
Туған жер.

Жағасы жайлау
Даласы көркем.
Аспаны биік
Армансыз өлкем.

Қайырмасы:

Нұрындай күннің,
Гүліндей қырдың.
Сағындым сені,
Балауса құрбым.

Қайырмасы:


Пікірлер (10)

Елтай

Өте жақсы

Елтай

Мен кашпын және мені Нұржамал жақсы көреді

Даоаоаетңо

Жаман

Мм ок

Щли көп екен еще мағынасы жоқ қой

Талғат

«Айналдым, елім» — Сағи Жиенбаев жазған жүрекке жылы тиетін поэтикалық шығарма. Бұл өлеңде автор туған жерге деген сағыныш пен сүйіспеншілігін көркем образдар арқылы шынайы жеткізеді: көкорай шалғын, жазира далалар мен қалаған өлкеге деген аңсары көркем тілмен суреттелген. Туған елдің табиғаты мен әсемдігін аңсап, алыстан келемін деу әр оқырманның жүрегіне тебіреніс сыйлайды.

Али

Сағи Жиенбаевтың «Айналдым, елім» атты өлеңін оқып, ерекше әсер алдым. Ақынның әрбір жырынан туған жерге деген шексіз ыстық ықылас, елге деген сүйіспеншілік лебі есіп тұр.

Демесін

😊❤️🥳🥹

Демесін

Ебой

Мадина

Сағи Жиенбаевтың «Айналдым, елім» өлеңін оқып, туған жерге деген сағыныш сезімі қайта жаңғырды. Бұл шығарма – отансүйгіштіктің, туған өлкеге деген шексіз махаббаттың нәзік әрі әсерлі үлгісі. Ақынның «Сағындым сені, Сағымды белдер, Көкорай шалғын, Қоғалы көлдер» деген жолдары – қазақ даласының көркемдігін, оның табиғатының алуан түрлілігін бірнеше сөзбен-ақ жеткізе білген шеберлік.

Бибигул

Керемет олен! Туган жерге деген суйиспеншилик,туган жерге деген сагыныш коркем жеткизилген. Туган жердин табигаты,сулу кориниси адеми суреттелген.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері