Шыңдағы шынар

Бұл бетте «Шыңдағы шынар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жалғыз шынар тұр жайқалып,
Биік таудың басында,
Жұлдыз бен бұлттардың қасында.
Жел суылдап, көл шуылдап,
Жапырағы ұшқанда –
Ұқсайды көктегі құстарға.

Қайырмасы:
Тұрады
Күзетіп
Туып-өскен мекенін,
Сезеді
Өзі де
Мәңгілік бір екенін.

Асқар таумен сырласады,
Ұқсамайды пендеге,
Қайғы-зар салмайды кеудеге.
Кірбіңі жоқ, бір мұңы жоқ,
Шомылады жаңбырға,
Мәңгі ырза осынау тағдырға.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыңдағы шынар өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Шыңдағы шынар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шыңдағы шынар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыңдағы шынар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері