Май шуағы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Май шуағы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Төгеді шуағын көгілдір көктем,
Самал жел аймалап өбеді беттен.
Көк шалғын жайқалған көңілді далаға
Қызығып құстар да қарайды көктен.

Ана да, бала да жайдары бүгін,
Жинайды құшаққа даланың гүлін.
Орманда қосылып сайрайды құстар,
Тамсанып, қарсы алып көктемнің нұрын.

Көктемгі жаңбырдан көгерді қырлар,
Шайқалды айдындар, жайқалды нулар.
Сәулемен ойнайды, желбіреп гүлдей,
Сәбидің қолында ал қызыл тулар!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері