Таң атқанда

Бұл бетте «Таң атқанда» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5347
Ақырын күліп таң атқанда,
Көк атылас жамылып.
Кең даланы оятқанда,
Таң дабылы қағылып.
Көрем сонда өз елімнің
Асқар таудай табысын.
Көрем сонда өзенімнің
Алып қашқан ағысын.
Көрем сонда мұнар тартқан
Туған жердің шыңдарын.
Жапырағын жайып жатқан,
Қалың орман нуларын.
Көрем сонда колхоз қызын,
Тал құрығын қолға алған.
Көрем оның нұрлы жүзін,
Ел бақытын ойланған.
Көрем сонда диқан қартты,
Баптап жүрген егінін.
Көрем сонда мархабатты
Бүкіл елдің өмірін.
Ақырын күліп таң атқанда,
Көз жіберем ертемен.
Тамашалап таң кете алмай,
Тұрады екен өлкеден.
1949
* * *
Өлеңім сырласатын серігімсің,
Өзіммен бірге жасар өмірімсің.
Адамзат жүрегіме үңілгенде,
Әр уақыт сен арқылы мені білсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң атқанда өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Таң атқанда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таң атқанда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң атқанда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері