Ленин мавзолейінде – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ленин мавзолейінде» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2325
Төсекте ұйықтап қана жатқан жандай,
Дүние үміті жүзінде сақталғандай.
Келбетінен көзіңе жарқ етеді,
Болашақтың бейнесі атқан таңдай.
Ауыр ойлар ауысып бір басыңнан,
Лениндей өтесің күн қасынан.
Өміріңнің түйінін, тағдырыңды,
Соның ғана табасың тұлғасынан.
Мавзолейге ту етіп ел жүрегін,
Құйылады керуені дүниенің.
Болашаққа қолынан аттандырып,
Нұр құяды кеудеңе ұлы Ленин,
1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері