Сені ойласам – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Сені ойласам» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Таңды жолда атырдым,
Күнді жолда батырдым.
Тың даланың астығын
Тасып келе жатырмын.

Жолда талай шаршадым,
Қалды қатып саусағым.
Кетем бәрін ұмытып,
Сені ойласам, аңсарым!

Талай белден астым да,
Талай жерде састым да.
Жаттым талай шаң қауып,
Машинамның астында.

Көрдім талай аптабын,
Кештім талай батпағын,
Кетем бәрін ұмытып,
Сені ойласам, аппағым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері