Ойлаймын сені – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Ойлаймын сені» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаз еді. Мөлдіреген тұнық аспан,
Жұлдыздар жанымызда жымыңдасқан.
Аялап екеумізді жасыл орман,
Қызғалдақ қызыл-жалын гүлін ашқан.

Қайырмасы:

Ұмытпа көгілдір орманды,
Көк шалғын көмкерген жолдарды.
Есіңнен шығарма сол күнді,
Есіңнен шығарма сол жанды.

Мен кейде мазасыз бір күй кешемін,
Сені ойлап жұлдыздармен тілдесемін.
Ақ таңның сәулесімен бірге оянып,
Атыңды қайталаймын күнде сенің.
Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері