Орамал – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Орамал» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Білмедім – сол сәт не іздедім,
Бөліне бердім шеткерек.
Кенеттен әлгі қызбенен
Кездесіп қалдым бетпе-бет.

Жанымда бұрын болмаған
Бір сезім көкке ұшырды.
Қоштасар кезде ол маған
Құпия бір сый ұсынды.

Аялап қолмен, бұрыштап,
Жұқа бір қағазға ораған,
Төгіліп түсті уысқа
Сусылдап жібек орамал.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері