Өлең, жыр, ақындар

Пай, пай, Өмір!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Пай, пай, Өмір!
Өтесің-ау бір күні.
Тиясың-ау қуанышты күлкіні.
Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,
Өмір деген – көк аспанның күркірі.
Пай, пай, Өмір,
Өтесің-ау бір күні!

Болмағандай, жүрмегендей сенде біз,
Кетеміз-ау, әй, кетеміз… пендеміз.
Ұрпақтарға береміз де кезекті,
Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз.

Өмір деген – бұйым емес қолдағы,
Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы.
Қаның кеуіп қаталаған кезіңде
Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де, мына аспан да, дала анау,
Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!
Өмір дейтін – тағатсыз бір қозғалыс,
Өмір дейтін – өлемін деп қарамау.


Пікірлер (25)

Талшын

Жақсы

Елнур

Меніңше бұл түсініксіз

Мұқағали Мақатаев

Немерелерім менің

Немерелерім жаным
Мен саған арнаймын әнім
Жаным ау жаным
Ақылды бол балапаным

Дәрия

Меніңше осы өлең өте күшті

Дәрия

Меніңше осы өлең өте күшті дамыған

Дәрия

Меніңше осы
өлең түсінікті

Дарын

Өте жақсы өлең маған ұнады ещё облыс ка барам

Ескендір

Межнороднородникке барам осының арқасынан

Ескендір

Гг

Ескендір

Маған өте ұнады

Ескендір

Ертең әлемдікке барам ура сүйтіп нишқа кетем

Ерке

Өте керемет

Айару

Мен осы өленді бүгін мектепшілікте айтамын, мағынасы терееееең өте керемет өлен

Арнас

Жақсы екен

Нурсс

Зор әдемі екен мен осыны жарыста
айтам

Аинагул

Күшті

ХанАта

Мұқағалидың «Пай, пай, Өмір!» өлеңі жүректі қатты толқытады... «Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген – көк аспанның күркірі» деген жолдардан кейін өмірдің өткіншілігі соншалық шынайы сезіледі. «Біз кетеміз. Кету үшін келгеміз» – қандай ауыр да данышпан сөз! Ұрпаққа мұра қалдыру, табиғаттың мәңгілігі... осы өлеңді оқыған сайын ойланып, өмірді қымбат тұтамын.

Алтынай

Өте күшті рахмет

Нұрмұхаммед

Мен 17өлеңін білмеймін

Гүлжанат

Мұқағалидың «Пай, пай, Өмір!» өлеңі – жүректі сыздатып, ойды тереңдететін нағыз философтық толғаныс!

Бұл өлең – өмірдің мәнін іздеген әр адамға арналған айна. Жастарға – ойлануға, орта жастағыларға – еске алуға, қарттарға – күлімсіреуге себеп. Мектепте, әдебиет сағаттарында, тіпті түнде жалғыз отырып оқуға өте лайық.

Bilim-all.kz-ке зор алғыс – Мұқағалидың осындай терең өлеңдерін жинап, әр қазаққа қолжетімді етіп жүргендері үшін! Пай-пай, өмір... Өтесің-ау бір күні, бірақ жүректе қаласың мәңгі. Өмір – жалт еткен найзағай, бірақ сол жарқыл мәңгілікке жетелейді.

Маниях (Түрік қағанатының елшісі)

Міні біздің ұрпақтар!Тек алға

Эля

Пай, пай, Өмір!!
Өтесің-ау бір күні. Супер өлең!!! Сайт тамаша!!! Bilim-all.kz-ке 1000 алғыс!!! Нағыз ақын Мұқағали!

Нұрай

Өлең шумақтары өте мағыналы бұл дүниенің бәрі расында бізден қалады

Сабина

Ақынның сезімі мен ойы әр шумақта анық сезіліп, оқырманның жүрегіне жетеді.

Салтанат

Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, Өмір!» өлеңі — өмірдің көркем көрінісін, сұлулығын және адам сезімінің нәзіктігін ерекше шеберлікпен жеткізетін поэзия.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пай, пай, Өмір! өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Пай, пай, Өмір! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Пай, пай, Өмір! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пай, пай, Өмір! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері