Айдарлыда айдарбай – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Айдарлыда айдарбай» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2124
Алғашында Айдарлы,
Тау екен бір айбарлы.
Сай тасындай сансыз қол,
Салды бір күн майданды.
Динамитпен бір атты,
Дүрсілдетіп құлатты.
Дүркірей тасы домалап,
Тау теңселіп тіл қатты.
Айбынды адам қол салды,
Тау тырп етпей қоршалды.
Жолбарыстай жотаның,
Жонын жарып жол салды.
Басында тұр Айдарбай,
Даңқын таудың жайғандай.
Осы өлкенің болатын,
Өлшеп, пішіп қойғандай.
Алуан металл тапқан соң,
Магниттің тауынан.
Табан тіреп Айдарбай
Айрылмай тұр жалынан.
1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айдарлыда айдарбай өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Айдарлыда айдарбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айдарлыда айдарбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айдарлыда айдарбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері