Қоштасарсың даламен – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қоштасарсың даламен» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қоштасарсың даламен,
Үй болып шыққан баламен.
Қоштасу бірақ болмайды
Өлсе де туған анамен.
Қоштасарсың жарыңмен,
Қоштасарсың барыңмен.
Қоштасу деген анаңмен –
От кешу жанған жалынмен.
Ұласып кетсе түнге күн,
Қосылса ауыр үнге үн,
Көз жұмса да тым ерте,
Анаммен мәңгі біргемін.

2012


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері