Бөлелерге – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Бөлелерге» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үш бөленің құтты болсын мейрамы,
Өмір сүрсін уайымсыз, жайдары.
Алға қойған мұратына жетсін де,
Орындалсын арман, тілек, ойлары!

Бизнес шыңын бағындырсын Ернарок,
Ал Саконай халықаралық маман боп.
Балаукатай бағы жанған қыз болсын,
Бай-қуатты үшеуі де аман боп!

Ата-анасы шын мақтансын солармен,
Қуаттасын Аллаһ ұлы иманмен!
Гүлдей жайнап өсе берсін бөлелер,
Адам болып ел сүйетін, пейілі кең!

Гүлмекен Қасенбай
13.03.2025


Пікірлер (1)

Ұлбике

Әдемі

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар