Бұлт – шайыр – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бұлт – шайыр» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1363
(этюд)

Бұлт бір шайыр — сақал - шашы киіздей,
Жер - дәптерге үңіледі ол жиі үзбей.
Жарты ай анау,
Сол шайырдың қолында
дір - дір еткен шарап толы мүйіз ғой ...
Алабұртып,
Сәл масайып тұр ғалам,
Бір құпия сыр айтардай түн маған.
Нұр - шараппен
Тамып кеткен мүйізден
Шыладым мен таңдайымды құрғаған.
Табиғаттың тылсым Әнін тыңдадым,
Ұрладым мен Ұлы Әуеннің ырғағын:
Бұлт - шайырдың қанып алып шарапқа,
Күркіреп кеп оқитұғын жырларын ...

1988 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері