Греция – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Греция» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2462
Сенің ұшқан аймағыңда
Талай қиын жай болды.
Алып бардың майданыңа
Албырт ақын Байронды.
Бостандық пен еркін өмір
Болды сенің арманың —
Оған куә Эгей теңіз,
Оған куә тауларың...
Тауларыңа тұман қонды,
Көре алмадың жарық күн.
Белояннис құрбан болды,
Бақыты үшін халықтың.
Греция, арманыңа —
Жетемін деп тұр елің.
Ту ғып көтер, ал қолыңа
Белояннис жүрегін.
1953


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері