Рух көші – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Рух көші» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тар жол тайғақ кешті мың,
көшкен сайын есті мұң.
Күншығыстан жалындап,
күнбатыста өшті күн.

Керуен соңы туған ай
жетті күнді қуалай.
Сиыспайды екеуі,
О, Жаратқан, бұ қалай?

Тербеліссіз өтпейміз,
талбесікте көктейміз.
Жарығымыз сөнгенде
Жер-бесікке беттейміз.

Таңданамыз несіне,
ертесі не, кеші не?
Ай мен Күндей алмасар
рухымыздың көші де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері