Жаз бен қыз
- 0
- 0
Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.
Бұл бетте «Бір досыма» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасыл көйлегі желбіреп,
Қарақат көзі мөлдіреп,
Көбелек қуып барады
Сағымдай болып көлбіреп.
Алыстарға апар мені, ақ үміт,
Сыңар бұлттың қанатына таңылып.
Шашын жайып қара түндер келгенде,
Жалғыздықтың жырын жаздым жабығып.
Жалған ғой, бәрі жалған, нағыз жалған,
Ағысты арна іздедім аңыздардан.
Шырылдап шегірткелер шілде түссе,
Талықсып таң келеді тамыздардан.
Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.
Тұнжыраған жанарын мұң басқанда,
Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда.
Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі,
Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда.
Құдайым, талап берген, бақ бермеген,
Арғымақ ырғып тұрды ақ кермеден.
Маралтай тірісінде жүрді есікте,
Топастар уәж жолдаса қақ төрменен.
Нур
Достар жас ұлғая азаяды екен