Тұнжыраған жанарын мұң басқанда – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тұнжыраған жанарын мұң басқанда» атты Шәмшия Жұбатова жазған мұң туралы өлең берілген.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 732
Тұнжыраған жанарын мұң басқанда,
Күлгін шоқтар ұшады түнгі аспанда.
Алтын тамшы сыңғырлап үзіледі,
Жым-жырт дүние жымиып ымдасқанда.
Жым-жырт дүние жымиып жырға ұласқан,
Шумағында жатады мүлгіп аспан.
Төкпеледі, төгілді жырлы дастан,
Қызғалдақтар құлпырды қырды басқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері