АДАМ БА, ЗАМАН БА ӘЛДЕ ӨЗГЕРГЕН – Авторы: Улжабаева Алмагуль Кувандиковна

Бұл бетте «АДАМ БА, ЗАМАН БА ӘЛДЕ ӨЗГЕРГЕН» атты Авторы: Улжабаева Алмагуль Кувандиковна жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адамба, заманба әлде өзгерген, 
Адам мына жамандықты көздеген. 
Заман болса өзгеріссіз сол қалпы
Заман емес, адам екен өзгерген.

Адамба, заманба әлде өзгерген, 
Кінә бізден, іздеме сен өзгеден. 
Заман қалай өзгереді адамзат? 
Басшы емеспе арамдықты көздеген! 

Адамзат өзгеруде заманда, 
Жаза берсем, сия бітер қаламда. 
Бірін-бірі өлтіруде пенделер
Қазіргілер адам ба, әлде надан ба?!


Пікірлер (1)

Лиза

Дұрыс айтылған адам өзгерген

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар