Дыбыссыз режим
Бұл бетте «Дыбыссыз режим» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қарасам бола ма сыртынан?
Дауысын естімей заманның
Дыбысын естімей бәрінің...
Дауысын естімей адамның...
Сөйлейді екен ғой Ауа да...
Бұлақтар тіл қатты. Мұң іштім.
Сезе алмай, сезе алмай жүріппін
Сөйлейді екен ғой тыныштық...
Тыныштық, мен келдім алдыңа,
шыңғырдым көкейге үн келмей.
дауысын естідім шындықтың
айтылған, айтылған үндемей...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі