Оқ – Мақпал Жұмабай

Бұл бетте «Оқ» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мың оқ қадалған кеудеме,
Құтқарма, түспегін әуреге.
Біреуін суырсаң уыты
Тарайды бүкіл денеме.

Бүгін мен кешенің арасы,
Бір оқтық, бір оқтық қана - Шын.
Жарақат салғанмен тәніме ол,
Бітейді жанымның жарасын…

Менің де тапаншам оқтаулы...
Сенің де тапаншаң оқтаулы…
Суырма еш оқты кеудемнен
Әр оқта - тағдырым сақтаулы…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері