Бұл бетте «Атамның ақылы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дау-дамайсыз бола ма?
Таяқ жедім далада.
Атам айтты:
«Әзәзіл
Кірген ғой деп араға»
Шамасы, оңбай құладым,
Келіп отыр жылағым.
«Қайдан келген Әзәзіл!» –
Деп атамнан сұрадым.
Атам айтты:
«Ақыл – дос,
Ақылыңа ақыл қос!
Сабыр сақтай білмесең,
Өмірің де өтер бос.
Ата-анаңның тілін ал,
Жолдасыңның сырын ал.
Әзәзіл мен әдептің
Ара жігін біліп ал!
Жамандыққа бастама,
Тамақты ашық тастама.
Ашық қалған асыңды
Шайтан ішсе – масқара!
Таза киін, таза жүр,
Ойыңды айқын жаза біл.
Адал болып, ақ жүрсең,
Жоламайды Әзәзіл».
Ұқтым сөзін атамның.
Білдім сырын қатамның.
Әзәзілді жолатпа
Шетіне де Отанның.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі